Атырауда тұтас бір мөлтек ауданда шошқаның иісі мүңкіп, тұрғындар наразылығын туғызды. Көршілер келісімінсіз шошқа өсіріп санын көбейткен бір отбасы бүтіндей бір шағын ауданның шамбайына тиіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімдіктегілерге сүйенсе, іс ұзарып, қаз қалпында өзгеріссіз қалған. «Қолқаны қапқан қоламса ауадан көз ашу мүмкін емес» деген тұрғындар мәселесін бірге білейік.
4-5 көшені қатар жайлап, қолқаны қапқан қоламса иіс шошқадан шығып отыр. Бұдан бұрын Водников ықшам ауданының тұрғындарынан сан түрлі ескерту мен өтініштер болса да, бойұсынбаған хайуанның иесі есігін ашпады
«1-2 шошқадан басталды, қазір енді шошқасы көп. 100 бас болған шығар. Әйтеуір мына жерде айқайлатып жатады. Көп машина келеді, етін алып кетеді. Енді иісі мүмкін емес. Менің үйім тиіп тұр», – деді қала тұрғыны Бақыт Құрамысова
«2019 жылы жаздық қайта-қайта. Онымен сол жауабында бұл жерден алады да басқа жер бөледі. Бұл жерден кетеді дегендей жауап келеді. Бірақ онымен өткен жоқ. 2019 жылдан бері тағы да екі жыл өтті», – деді қала тұрғыны Марал Сансызбай.
5 жылдан бері шошқа шаруашылығымен айналысып отқандар кештелетіп әр жердегі қоқыс жәшігіне қалдықтар тастайтын көрінеді. Тұрғын үй салуға берілген жерде шошқа шаруашылығымен айналысатындарға шара қолданар жан бар ма, деп дабыл қақты тұрғындар.
«Осыған бір шара қолдануларыңызды сұраймын. Ауылдың ортасында отырып шошқа бағу деген масқара ғой. Совхоз емес, колхоз емеспіз. Таңертеннен кешке дейін иіс масқара, терезе ашылмайды», – деді қала тұрғыны Амангелді Тасболатов.
Ал, әкімдіктегілер бұған тек бір тарап әсер ете алмайды. Сан түрлі тексеріс жүргізіп барып, нәтижесіне сүйеніп шешім шығаратынын жеткізді.
«Бұл ең бірінші денсаулыққа тиер зияны қандай, соны білу керек. Сосын тексеріс нәтижесінде шара қолданылады», – деді қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Давлетов.
Жауаптылар адам денсаулығына зияны тимесе, баса көктеп кіріп бару заңға сәйкес емес, деп шарасыздығын білдіріп отыр. Шағын кәсіпкерлік субьектілерді тексеруге тыйым салынғанына байланысты, жан-жақты талдау жүргізіліп нәтижесі кейін хабарланады.
Райымбек Сафиолла, Айбек Байзақ, Атырау облысынан