Патриот такси: Ақтауда көк түспен көмкерілген көлік жүргізушісі тегін қызмет көрсетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Әлия Исаева мінген жолаушылардан ақы алмай, керісінше сыйлық тбыстайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда «патриот такси» жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көк түспен көмкеріліп, ту жамылған көліктің жүргізушісі мінген жолаушылардан ақы алмай, керісінше сұрақ қояды. Қазақстан тарихы, рәміздері мен Алаш азаматтары туралы сауал әзірлеген ол дұрыс жауап үшін арнайы сыйлық ұсынған. Көлігін айрықша сәндеген Әлия Исаева «Патриот бол» жобасын қолға алып, қоғамдық жұмыспен айналысуға ден қойыпты.

– Бұл такси аптасына бір рет шығады. Бір күн демалысым бар, сол күні «патриот таксимен» кешқұрым, сағат 17:00-20:00 аралығында қалада жүріп, кез келген адамға сұрақ қойып, барар жеріне тегін жеткіземін. Сұрақты қоямын, сол арқылы түрлі тарихи, айтылмаған тың дүниені таксиге отырған азаматтарға түсіндіремін деп ойлаймын, – деді такси жүргізушісі Әлия Исаева.

Көліктің тек сырты емес, іші де безендірілген. Темір тұлпардың төсеніштеріне дейін ту түстес. Жалпы, «патриот таксидің» қызметі Ақтау жұртына да ұнаған көрінеді. 

– Тегін жеттім. Сұрақтарға жауап бердім. Ақшасын төлейін деп ем, алмады. «Патриот бол» жобасы екенін түсіндірді, – деді қала тұрғыны Қазбек Мырзағұлов.

Оқи отырыңыз: Рәміздер күні: алматылық жастар флешмоб өткізді

Новости партнеров