Алматылық жастар бір мезетте әнұран шырқап, көк туды көкте желбіретіп, мерекелік флешмобқа қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдірген шаһар жұртшылығы еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты болсын деген жүрек жарды тілектерін жолдады.
– Рәміздер күніне орай Алмалы ауданында флешмоб өтті. Ауданның жастары мен еріктілері қатысып жатыр, – деді Алмалы ауданы Мәдениет бөлімінің бас маманы Әсем Күнтубаеа.
Мемлекеттік рәміздер күні – қазақстандықтар үшін маңызды мерекенің бірі. Айтулы датада елдік белгілерімізді мейлінше айшықтаған қала азаматтары зәулім ғимараттарға көк туды іліп, көпке көңіл күй сыйлады. Әсем көрініске куә болған суретші жастар да мүмкіндікті қалт жібермей, қала көрінісін сырлы бояу мен қағазға түсірді.
– Ең алдымен, мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, өміріміз мәнді болсын. Өз тарихымызды ұмытпайық! – деді қала тұрғыны Әлтаир Мерген.
Оқи отырыңыз: Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті