Ақтөбе облысында жұмысшылар еңбекақысын ала алмай жүр

Almaty.tv
Almaty.tv
Шалқар көлін сақтап қалу жұмысына қазынадан 2,5 миллиард теңге бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шалқар көлін тазалап, Ақтөбе облысында 200 шақырымдық жол салған жұмысшыларға еңбек ақысы төленбей жатыр. Шаруа түгел біткенде жұмыс беруші өз міндетін орындаудан басын ала қашқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – маңдай тердің ақысын ала алмай күнелткен компания жұмысшылары. Жалпы саны 50-ден асады. Олардың айтуынша, Шалқар көлін тазалатып, жол салдырғандар 4 айдан бері жалақысыз қалдырған.  

– Қараша, желтоқсан, қаңтар, наурызда зейнетақы қорына ақша аударған, ал ақшамызды бермеген. Жолға ақшаны әрең таптық, көршілерден сұрдық, – деді жұмысшы Айгүл Бекмағамбетова.

Жалақы туралы хабар бүгін де жоқ. Жұмысшыларға «500 мың мен 1 миллион теңге арасында төленеді» деп айтқан. Ал еңбек инспекциясы азаматтар шағымы бойынша тексеріс жүргізген.

– Материалдың барлығы жеке сот орындаушыларға жіберілді. «Жақында шешеміз» деп міндеттеме алған. Бірақ әлі күнге дейін орындамаған. Істі жеке сот орындаушыларға жібердік, – деді ңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Талғат Искарин.

Бір қызығы, Шалқар көлін сақтап қалу жұмысына қазынадан 2,5 миллиард теңге бөлінген. Алайда оны тазалағандар ақшасыз отыр. Мердігерлер оларды Шалқар-Бозой бағытындағы жол құрылысына да тартқан. Суға салған техниканы құрлықта да қолданыпты. Қарамағындағыларға қарызы көп жұмыс берушіге бұған дейін де айыппұл салынған. Ол да төленбеген.

Оразай Нұртайұлы, Лейла Әуесова, «Алматы телеарнасы, Ақтөбе облысынан

Оқи отырыңыз: Жақынынан опық жеген тұрғын мүлкінен айырылды

Новости партнеров