|
15.08.2022 | 19:56
291

«Күміс жас» жобасы кімдерге арналған

Алматыда жоба арқылы тамыз айынан бері 22 адамды жұмыс орналысты

 «Күміс жас» жобасы кімдерге арналған Almaty.tv

Биыл  Алматыда зейнеткерлік жас алдындағы 1149 азамат «Халықты жұмыспен қамту» орталығына тіркелген. Мұндай топ өкілдеріүшін арнайы  «Күміс жас» бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

60 жастағы Исраилова Гүлмира 14 жасынан бері тігін тігеді. Зейнет жасы жақындағанда көптеген мекемелер жұмысқа алудан бас тартыпты. «Күміс жас» бағдарламасын естіген ол, «enbek.кз» сайтына тіркеліп, 3-4 күн ішінде жұмысқа орналысыпты.

«Мен бұл бағдарлама туралы бұрын естімеппін. Жақында білдім. Менің ойымша, бағдарламаның көмегімен тез жұмыс табуға болады. Өйткені, менің жасымда жұмыс табу мүмкін емес. Барлығы тек жастарды іздейді. Еңбек биржасында өзіме керегімді таптым», – деді тігінші Гүлмира Исраилова. .

«Күміс жас» аясында зейнетке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Аталған бағдарламаның басты шарты бойынша қатысушылардың жалақысының жартысын мемлекет, жартысын жұмыс беруші төлейді.

«Қазіргі таңда 68-ден астам мекеме жұмысқа өтінім берді осы бағдарламаға қатысуға. 145-тен астам бізде жұмыс орны қарастырылған. Ең сұранысқа ие ваканцияларды айтатын болсақ, бухгалтер, тігініші және әлеуметтік қызметкерлерді іс жүргізу саласында азаматтар жұмыс жасап жатыр», – деді уақытша жұмыспен қамту бөлімінің маманы Төрежан Өтеген. .

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жерлестеріміз мекенжайы бойынша «Жұмыспен қамту» орталығы бөлімдеріне немесе электронды еңбек биржасына тіркелу керек. Айта кетейік, еліміз «Күміс жас» бағдарламасымен 20 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жоба арқылы тамыз айынан бері 22 адамды жұмыс орналысты.

Медет Олжай, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир