Алдағы 3 күнде Қазақстанның кейбір өңірінде үсік жүреді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік батыстан келген антициклонның ықпалында болады. Алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Аптаның ортасына қарай температура фонты біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік батысында, солтүстігінде шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі мезгілде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел күтіледі. Алматы қаласында алдағы тәулікте жауын-шашын жоқ. Температура фонты түнде 19-21 градустан, 14-16, күндіз 30-32 градустан 26-28 градус төмендейді», – деді «Қазгидромет» РМК Қысқа мерзімді ауа райын болжау басқармасының жетекші инженері Айжан Жандосова.