Биыл көлік апатынан 74 адам көз жұмды

Из открытых источников
Из открытых источников
20 күн ішінде елімізде 458 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қара жолдағы қайғылы жағдай азаймай тұр. Елімізде соңғы 20 күн ішінде 74 адамның өмірі күре жолда қиылыпты. Тағы 700-ге жуық жолаушы сапары сәтсіз болып, түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бар болғаны 20 күн ішінде елімізде 458 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Оқиғалардың 99 пайызына жүргізушілер айыпты. Қатерге апаратын қателіктің басында жылдамдықты шамадан тыс асырып, ережені ескермейтіндер екен.

«Жыл басталғалы жағдайды сараптай келе, жол-көлік оқиғаларының дені жылдамтықты көрсетілген тәртіптен тыс асырудан, қарсы бетке өтіп кетуден болады. Мұнымен қоса, қазір бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да, ережені елемей өтіп кетіп жатқандар кездеседі. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде көлікті мас күйінде жүргізген азаматтар лайық жазасын алып жатыр», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Кәрімов

Жазасын алғанымен адам өмірінің өтеуі жоғын бәрі аңғара бермейді. Ресми дерекке сүйенсек, жыл сайын елде 1500 адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылады екен. Өткен жылы 300-ге жуық адам темір тұлпар тізгіндеу құқынан шеттетілген. Мыңдаған адамның өмірі  тағы бір себебі - жол ережесін білмеу.

«Бізде жол апаты көп. Жургізуші куәлігін сатып алып жатады. Ол қазір тренд болып кетті. Жасырын емес, ашықтан ашық жариялап жатады. Содан барып, сауатсыз жүргізушілер пайда болады. Жолдағы тәртіпті елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ», – деді қала тұрғыны Ерсайын Қыдырәлі

«Әрине, дұрыс емес. Әр адам өз өмірін сақтау керек. Қалай сатып алуға болады?» – деді қала тұрғыны Мұрат Төлебаев.  

Жүргізуші куәлігін сатып алу жағдайын сарапшы қатерге бас тігумен бірдей деп есептейді. Бір жапырақ қағаз қолжетімді болғанымен, жолдағы амандыққа кепіл бола алмайды.

«Әр жүргізуші «мен кереметпін» деп ойлайды.  «қазір ЖКА түссем, басты жолмен келе жатырмын, жасыл жанып тұр, мен кінәлі емеспін» деп ойлайды. Қалаай бол,анда да ол апатқа себеп болады. Ол дұрыс емес. Негізі басты жолда келе жатсаңыз да, сіз қауіпсіз екеніне көз жеткізу керексің», – деді автосарапшы Талғат Беспаев

«Жол бойындағы қасіретті жағдай азаймай тұр» деді маман. Жасыратыны жоқ қазір жылдамдықты асырып, көлікпен жарысып жүйткіген жастарды жиі байқап жатамыз. Одан қалды ұялыға үңіліп отыратындар да жетерлік.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы»  телеарнасы

Новости партнеров