Талдықорғандағы жалғыз автобекеттің жағдайы сын көтермейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қоғамдық орын 1977 жылы салынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғандағы жалғыз автобекеттің бүгінгі кейіп-кескіні сын көтермей тұр. Шаһар тұрғындары осылай дейді. Олардың айтуынша, 1977 жылы салынған қоғамдық орын заман талабына сай емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындары облыс орталығындағы жалғыз автобекетке баруды қойды. Өйткені ел қалтаға салмақ түссе де, сапалы қызметті таңдайды. Ал қоғамдық орынның ескіргені жөнінде бұған дейін де қала жұртшылығы арасында талай айтылды. Автобекетке аялдау мүмкін емес. Тіпті дәретхана тазалығына мән берілмейді. Ал азаматтар ақысын төлегеннен кейін, жағдайдың жасалуын талап етіп отыр.

– Заманға сай жөндеу керек. Қазір бармаймыз, – деді қала тұрғыны.

– Автовокзал көпшілік орын, бірақ қазіргі заманға сай емес, – деді қала тұрғыны.

Жұрт сөзіне арқау болған қаладағы жалғыз автобекет қазір жекенің меншігіне өткен. Мекеме директоры көптің сөзін жоққа шығарды. Ол «жылда тиісінше құрылыс жұмыстарын жүргізіп, кем-кетігін жасап жатырмыз» дейді.

– Вокзалдың екінші қабатындағы терезелерін айырбастадық. Батарея ауыстырдық. Жаңадан дәретхана салып жатырмыз. Бәрі жолаушылар үшін жасалып жатыр. Сатылған билеттен 15  пайыз пайда түседі. Қалғанын жүргізушілерге төлейміз. Мемлекеттен ешқандай көмек жоқ, – деді ЖШС атқарушы директоры Серік Қалимолдин.

Түскен табыстың бір бөлігі автобекетте жұмыс істейтін 30-ға жуық адамға беріледі. Күні-түні халыққа қызмет көрсететін олар да жағдайы мүшкіл жерде нан табуға мәжбүр. Ал ел сөзін естіген бекет басшысы айтылғанның көбін мойындамаса да, алдағы уақытта олқылықты жөнге келетінін жеткізді.

Диана Тұрлыбек, Мирас Анитов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Су басып қалды: Атырау билігі мәселені неге шеше алмай жатыр

Новости партнеров