Каспий теңізінің жағасынан итбалықтардың өлексесі табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Теңіз жануарларының тек көзі зақымдалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий теңізінің жағасынан 62 итбалықтың өлексесі табылды. Құрлыққа шығып қалған өлекселер туралы бейнежазба әлеуметтік желіде де тарап үлгерген. Арнайы комиссия соңғы үш күн ішінде дауылды ауа райына байланысты жағалауды зерттеген көрінеді. Бүгін Түпқараған ауданының теңіз жағасында Өрдек мүйісі тұсынан тағы бірнеше өлі итбалық шықты. Өлекселерде дене жарақаты, жаралар мен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Теңіз жануарларының тек көзі зақымдалған. Мамандардың айтуынша, олардың көзін құс шұқып кетуі мүмкін.

– Дауылдан кейін әрдайым жағалауды зерттейміз. Теңіз жануарларының өлу себебін медициналық сараптама қорытындысы анықтайды. Экологтар судан сынама алды. Көбіне итбалықтың күшіктері қырылған. Қатты желдің салдарынан олар жағалауға шығып қалған, – деді Балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.

Оқи отырыңыз: Қызылордада кене шаққан адам саны артты

Новости партнеров