Барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда карантин режимі сақталады

ztb.kz
ztb.kz
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Оған сәйкес барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда карантин режимі сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәп бұрынғыдай салтанатты шаралар мен той-думандарды өткізуге тыйым салынған. Сауда, ойын-сауық орталықтар, кинотеатрлар, театрлар мен діни нысандар да әзірше жұмыс істемейді. Ал медициналық орталықтар алдын ала жазылым бойынша науқастарды қабылдай бастайды. Азық-түлік нарықтары мен 2 мың шаршы метрге дейінгі аумақты қамтитын азық-түліктік емес дүкендер сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істемек.  Бұдан бөлек, гүл дүкендерінің, автосалондар мен автосервистердің, құрылыс дүкендері және зоодүкендердің жұмысына рұқсат етіліп отыр. Барлық санитарлық нормалар қадағалануы тиіс. Автопарктердің жұмысы да жаңартылады. Жұмыс істейтін барлық нысандардың толық тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.  Ал үкімет басшысының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов әуе мен теміржол қатынастарының қалай болатынын айтты.

«Қосымша 7 әуе бағыты ашылды. Бұлар – Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Талдықорған қаласы. Бірақ осы бір кезеңде теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайды», – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ.

Ал, оқу жылының соңына дейін қашықтан оқу жалғаса береді. Осы уақытта 3 млн 300 мың оқушы мен 1 миллион студент осы форматта білім алуда. Аттестаттар 3-4  маусым күні мектептерде, ашық ауада және адамдардың шектеулі санымен, барлық санитарлық талаптардың ескерілуімен беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеу болса, штаттық режимде 20-маусымнан бастау алмақ. Биыл түлектер үшін сынақ өткізудің 168 бекеті жұмыс істейді.

Графика:

Барлық өңірлерде және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласында карантин режимі сақталады

Тыйым салынған:

- салтанатты шаралар мен той-думандарды өткізуге;

- спорттық және бұқаралық шараларды өткізуге;

- сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер мен адамдардың бұқаралық топтасатын өзге де нысандардың жұмысына;

- діни нысандардың жұмысына.

Рұқсат етілген:

- алдын ала жазылым бойынша медициналық орталықтардың жұмысына;

- азық-түлік нарықтарының жұмысына сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- 2 мың шаршы метрге дейінгі аумақты қамтитын азық-түліктік емес дүкендердің жұмысына сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- құрылыс дүкендері, саяжай құралдарының дүкендері, оптикалар мен зоодүкендер, гүл сататын дүкендердің жұмысына;

- техникалық қызмет көрсету мен автокөлік жуу орталықтары, автосалондардың жұмысына;

-  алдын ала жазылым бойынша және барлық дезинфекциялық шарттарды қолдана отырып сұлулық салондарының жұмысына;

-  бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, қорғаушы, нотариус, бухгалтер,   консалтингтердің қызметі);

-  спорттық нысандардың жұмысына (топта 30 адамнан артық болмауы тиіс);

- типографиялар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау орталықтарының жұмысына.

Новости партнеров