«Birgemiz»: Күніне 5 мың алматылық тегін көмекке ие болады

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күніне 5 мың алматылық тегін көмекке ие болады. Олар – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер. «Almaty Birgemiz» аймақтық қоры қала тұрғындарын кезекті медициналық маскамен қамтуды бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы құрылған штаб, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері үйлерді аралап, бетперделерді таратуда. Жалпы қала бойынша 40 мың адам қамтылмақ. Айта кетейік, 2 миллион бетперде Республикалық «Birgemiz» қорынан жіберілген. Осыған дейін аталған қордың тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 23 мың алматылық 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай әлеуметтік көмек алған болатын.

«Қаламыз бойынша 40 мың алматылық отбасыларға осы маскалар табысталатын болады. Әр қайсысында 50 данадан бұл қазіргі қиын-қыстау кезде, мына пандемиямен жаппай күрес кезінде аз қамтылған, көпбалалы сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек ретінде үлестіріліп отыр. Енді бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз», – деді  «Jas otan» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.

Новости партнеров