Алматының Алатау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары және ворк-аут орны ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оны дүйім ел өз қалауынша жасатып, игілігіне пайдаланатын болады.
«Алматы қаласының «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында 176 жоба келіп тіркелген, тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес биыл 1 млрд. 800 млн. сомасына 36 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 30 жоба бойынша жұмыс аяқталып, 6 жобаны қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аясында 7 мекен бойынша жасыл аумақтар мен жаяу жүргіншілер алаңын абаттандырылды», – деді Алатау аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Арман Қоқымбаев
2023 жылы аудан әкімдігі тарапынан 28 жобаны іске асыру жоспарланған.
«2023 жылы аудан әкімдігі тарапынан 8 жасыл аумақ пен жаяу жүргіншілер алаңына жөндеу жұмысы жүргізіліп, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында 1 млрд. 300 млн. сомасында 28 жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған 28 мекен бойынша жаңадан қоғамдық орындар пайда болады», – деді Алатау аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Арман Қоқымбаев
Алатау ауданында бойынша 23 шағынаудан бар.