Болашақ стратегиялық бағдарламалар сайлаудың негізінде іске асады - Жомарт Симтиков

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саясаттанушы Жомарт Симтиков сайлау бұған дейінгі саяси науқандардан өзгеше өткенін айтты. Себебі еліміздің Конституциялық режиміне өзгеріс еніп, бюллетендерде «бәріне қарсымын» деген баған қосылды. Бұл пікірлердің әр алуандығын әрі демократиялық процестің тұрақты дамуын көрсетіп отыр.

«Біріншіден, Қазақстан халқының басын біріктірді. Екіншіден, ел Президенті  7 жылдық болашақ стратегиялық бағдарламаны дайындауға үлкен ықпал етеді деп айтуға болады. Үшіншіден, бұл демократиялық үрдістің ғаламдану процестерінің көшінен қалмайтындығын көрсетті. Төртіншіден, Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге халықтың басым көпшілігі қолдау білдіретіндігін көрсетті. Сондықтан сайлау нәтижелі болады деп ойлаймын. Еліміздегі болашақ стратегиялық бағдарламалар сайлаудың негізінде іске асады. Бұл мандат сенімділік береді және Қазақстанның дамуына мүмкіндік туғызады деп ойлаймын», – деді саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.

Новости партнеров