Елбасының денсаулығына алаңдаған белгілі тұлғалар өздерінің ақ тілегін жеткізуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Өсіп келе жатқан жастар үшін жасайтын еңбегі әлі де алда деп есептейміз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұңғыш Президенттің денсаулығына алаңдаған еліміздің біртуар азаматтары да оған саулық тілеп, қолдау білдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әрине, бұл хабар мені және Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымын да өте қынжылтты. Біз жақын арада осы Елбасының індеттен арылып, қайтадан қалыпқа келуін тілейміз. Біздің еліміз үшін,  өсіп келе жатқан жастар үшін жасайтын  еңбегі әлі де алда деп есептейміз», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

«Нұрсұлтан ағам үлкен спортпен айналысқан. Сол кісінің жазылып кетуін тілейміз. Жастарымыз үлкен жетістікке жетсін. Көк туымызды желбіретсін. Соны Нұрсұлтан ағамызбен бірге көрейік», – деді Қазақстанның еңбек ері, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.

Новости партнеров