Жедел жәрдем қызметкерлері қалай жұмыс істеп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Қалада 12 медициналық орталық күшейтілген режиміне көшкен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір коронавирустық инфекцияға ұқсас белгі бар деген қоңырау келіп түскен жағдайда дәрігерлер сақадай сай, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың жұқпалы ауруға қарсы киетін киімдері, дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтың барлығы жеткілікті. Орталыққа келіп түскен қоңыраудан кейін мамандар дереу шақыртуға аттанады. Науқасты жұқпалы аурулар инфекциясына апарғаннан кейін, мамандардың киімдеріне және тасымалдаған көліктеріне толық дезинфекция жасалады. Мәселен, №6 медициналық жедел-жәрдем қызметінде 21 көлік бар. Қалада 12 медициналық орталық күшейтілген режиміне көшкен.

«3 түрлі костюміміз бар. 1-типті, 2-типті одан кейін капсула. Шақыртумен кетіп жатқан бригадаларымыз  жүргізушіден бастап киінеді. Бәрінде антисептік, маска, дәрілер, медициналық-қолғап бар», – деді № 6 жедел жәрдем қосалқы стансасының аға фельдшері Финура ТУСИБЯНОВА.

Мамандар тұмаудың алғашқы белгілері анықталса, үй жағдайында емделмей, жедел-жәрдем қызметіне хабарласуларын сұрайды. Еш дүрбелеңге салынбай, дәрігерлер кеңесін толық орындау қажет. Қауіпті індетке қатысты қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда, 1406 ақпарат орталығы тұрғындар үшін тәулік бойы қызмет етеді.

Новости партнеров