Алматы ҰКП кәсіпкерлерді санитария талаптарын сақтауға шақырады

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Өз қызметін іске асырып жатқандардың бәрін жұмыстарын бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жасауға шақырамын - Нариман Әбілшайықов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлерді барлық санитарлық талаптарды сақтауға, сол арқылы қаланың экономикасын қалпына келтіруде көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Өз қызметін іске асырып жатқандардың бәрін жұмыстарын бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жасауға шақырамын. Бұл  біздің барлық салалар мен қызмет түрлерін осы ұзақ карантиннен шығаруымыз үшін  қажет”, - деген үндеу салды Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, дезинфекциялық шараларды сақтау керек. Бұл шаралар ШОБ субъектілерінің аумағында қызметкерлер мен келушілердің жұқтыруын болдырмау үшін қажет.

Новости партнеров