ТЖ: 750 мыңнан астам адамға 42 500 теңге төлем тағайындалды

12.04.2020 01:16

2 900 065 азаматтан барлығы 4 354 274 өтініш келіп түскен

открытые источники / ашық дереккөзден

750 мыңнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлем тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

751 613 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды.

11 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 900 065 азаматтан барлығы 4 354 274 өтініш келіп түсті.