Биыл сонау Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан ардагерлер бір реттік әлеуметтік көмекке 250 мың емес, 500 мың теңге алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жыл сайын Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 250 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек берілетін. Биыл бұл көмек Алматы қаласы әкімінің ұсынысымен 500 мың теңгеге ұлғайды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер сомасын 50 мыңнан 100 мың теңгеге көбейту ұсынылды. Осыған орай, қазіргі таңда 268 ардагер атаулы көмекке ие болды. Бұл үшін ол кісілерден ешқандай құжаттар талап етілмейді. Тек зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған тізімде аты-жөні болса жеткілікті», – дейді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы Рүстем Исмайылов.