5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондай-ақ Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты маңызды жиын өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Ал қоғам қайраткері өмір сүрген музей-үйде республикалық конференция өтті.
– Биыл Ахмет Байтұрсынұлына арнап «Алаш ардақтысы» деген кітапты шығарып отырмыз. Кітаптың авторы – Байтұрсынов музей үйінің меңгерушісі Райхан ханым. Кітапқа еш жерде жарияланбаған Байтұрсыновтың орыс тіліне аударылған өлеңдері енгізілді, – деді «Алматыкітап» баспасының баспа бөлімінің вице-президенті әсима Рысқұлбекова.
Оқи отырыңыз: Шамалған стансасындағы айналма жол қолданысқа берілді