Елімізде «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі болады
Almaty.tv
Қырғызстан, Ресей, Грузия мемлекеттерінде жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде 3 маусым күні «Еуропа-Азия» атты 16- шы халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі болады. Осыған байланысты бүгін Алматыда дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынның басты мақсаты – көпшілікті бірлікке үгіттеу. Нұр-Сұлтан қаласында бастау алып, 31 маусымға дейін Қырғызстан, Ресей, Грузия мемлекетінде жалғасатын қозғалысқа барлық ниетті жандар қатыса алады.
«Бейбітшілік және келісім шеруінің міндеті - бүкіл әлемге Қазақстанның бітімгершілік деңгейін көрсету. Әр түрлі дін мен ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрсе екен дейміз. Жұртшылықты бейбітшілікке шақырамыз», – деді «Еуропа – Азия» бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52