Еліміздегі инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен Алматыда шағын және орта бизнеске арналған тренинг өтті. Салық мәселелері жөніндегі сарапшы Екатерина Ким азаматтардың жалпыға бірдей декларациялау, жаңа Салық кодексі және камералдық бақылау туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шамамен 80 адам салық салу, камералдық бақылау және жалпыға бірдей декларациялау туралы сұрақтарына жауап алу үшін шағын және орта бизнеске арналған шеберлік сабағына қатысты.
– Жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғаларардың банкроттығы, камералдық бақылау бойынша Алмалы ауданында Kaspi.kz-тің қолдауымен, Алматы қаласы департаментіңнің қолдауымен ашық есік күні өткізіліп жатыр. Декларация тапсырушыларға 15 қыркүйекті күтпей, ертерек тапсыруды ұсынамын, – деді Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.
10 жылдық тәжірибесі бар бухгалтер және аутсорсинг компаниясының басшысы Арзигүл Ниязованы бірінші кезекте жалпыға бірдей декларациялау қызықтарады. Алайда алматылық тренингте күткенінен көп пайдалы ақпарат алғанын, соның ішінде жаңа Салық кодексі бойынша да біраз мәлімет білгенін атап өтті.
– Жалпыға бірдей декларациялау туралы қосымша ақпарат алу үшін келдім. Барлық сұрақтарыма жауап алдым. Кездесу қажет, өйткені алғашқы дереккөзден жауап аламыз, – деді қала тұрғыны Арзигүл Ниязова.
Бухгалтерлер, кәсіпкерлер және аутсорсингтік фирмалардың басшылары іс-шара туралы әлеуметтік желілер арқылы білген. Басты спикер – салық мәселелері жөніндегі сарапшы Екатерина Кимнің аккаунтына 1 миллион 600 мың адам жазылған.
Kaspi.kz-тің қолдауымен Қазақстан бойынша өте ауқымды іс-шара өткізіп жатырмыз. Салық төлеушілер келіп, Қазақстандағы ең үздік салық сарапшыларынан тегін кеңес ала алады, – деді салық сарапшысы Екатерина Ким.
Kaspi.kz-тің қолдауымен Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қонаев және Қарағандыда шағын және орта бизнеске арналған бизнес кездесулер ұйымдастырылған. Ал Астанада ең ірі Салық форумы өтті. Оған офлайн мың адам, ал онлайн 2,5 мың адам қатысты.
Айта кетейік, Kaspi Pay бизнеске арналған суперқосымшасын 700 мың қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Ол арқылы отандық кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін қаржы алып, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандарды іске қосып, салық төлейді. «Kaspi магазин» және «Kaspi жеткізу» қызметтеріне қол жеткізіп, тауарларын ел аумағына сатады.
Жансая Олжабек, Әмина Үсенова, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы