Биыл әлеуметтік төлемдер 10 пайызға ұлғайды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бала тууға және оны күтуге байланысты барлық мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Uchet.kz-ке сілтеме жасап.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері отбасындағы бала санына қарай белгіленеді:
2025 және 2026 жылдардағы жәрдемақы мөлшері төмендегідей:
1-3 балаға:
4 бала және одан кейінгілерге:
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы
Жұмыс істемейтін әйелдерге баласы 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын бала күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай мынадай:
2025 және 2026 жылдардағы төлем мөлшерінің салыстырмасы:
Бірінші балаға:
Екінші балаға:
Үшінші балаға:
Төртінші және одан көп балаға:
Табысынан айырылу жағдайына байланысты төлем
Жұмыс істейтін әйелдерге, егер олар үшін жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар жүргізген болса, жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.
Бұл төлемнің мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыз күндер санына байланысты есептеледі.
Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала 1,5 жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызы көлемінде белгіленеді.
Егер егіз немесе одан көп бала дүниеге келсе, бұл төлем әр балаға жеке-жеке тағайындалады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы салық берешегі: өзіңізді борышкерлер тізімінен тексеріп көріңіз