|
11.08.2022 | 20:27
651

Алматыда «Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық акциясы жалғасып жатыр

Акция тамыз, қыркүйек айында жалғасады

Алматыда «Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық  акциясы жалғасып жатыр Almaty.tv

Алматыда «Балаларды мектепке дайындаймыз» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында қаладағы 2 мың оқушыны қыркүйек айының соңына дейін мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Ал бүгін «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Алмалы ауданында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасына көмек көрсетілді. Бұл акцияға қатысуда мегаполистегі депуттар мен кәсіпкерлер белсенділік танытып келеді.

«AMANAT» партиясына алғысым шексіз. Мен көпбалалы анамын. Күміс алқа иегерімін. Осылай бізді елеп, көмектесіп жатқандарыңызға рақмет», – деді көпбалалы ана Гауһар Қанатқызы

«Алматы қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде осы акцияға қатысып отырмыз. Бұл республикалық іс-шара. 2008 жылдан бері келе жатқан. Акция тамыз, қыркүйек айында жалғасады. Әр жыл сайын 2000-2500 мың балаға сөмке, киім, мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырмыз», – деді қалалық мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир