Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ
Аlmaty.tv
Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте шоты жоқ, шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған. Және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13