|
17.03.2021 | 20:31
3327

17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

Уақыт сынынан өткен, қазаққа еңбегі сіңген Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың борышы. Тарихқа тағзым күнін атап өтуде әбден дәлелденген ұлт зиялыларының азаттық алу жолындағы күрескерлігін дәріптеу ерекше маңызды іс. Елімізде тарихқа тағзым күні қалай аталып өтуде? Almaty.tv тілшісі тарқатады. 

Тарихқа тағзым дегенде 2 мәселені ұғыну қажет. Бірі – тарих қандай негізде жүреді, екіншісі  – оны түзетіндер кімдер. Осыған тағзым ету, тарихқа тағзым ету деген ұғыммен пара-пар дейді тарихшы Хангелді Әбжанов. Ал тарих ұрпақтан ұрпаққа тек тілмен ғана беріледі. Демек, тарихқа тағзым  – ол тілге тағзым.  

«Тарих немен ұрпақтан -ұрпаққа беріледі? Тек тілмен ғана. Жазу-сызумен ғана. Жазу -сызудың негізі - тіл ғой. Демек тілге тағзым деген сөз. Тарихтың 3 тұғыры тұр: біріншісі - жер, екіншісі - мемлекет, үшіншісі - тіл», – деді ҰҒА академигі, тарихшы Хангелді Әбжанов.

«Тарихқа тағзым ету - ұрпақ парызы. Бұл күні мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұйымдастырылатын шаралар маңызды.  Бұдан бөлек, азаттық жолында құрбан болған Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау да аса маңызды».

«Тарихқа тағзым дегенде Алаш қайраткерлеріне тағзымның орны ерекше. Өйткені бұлар қазақ қоғамында бұрын-соңды болмаған құбылыстарды дүниеге әкелді. Айтайық, қазақтың интеллектуалды тарихын өте жоғары деңгейге көтерді.  Бір Әлихан Бөкейханның өзі әлемдік қайраткерлер, ойшылдар қатарында тұр. Тұлға тарих жасайды дегенде Бөкейханов сияқты тұлғаға тағзым ішінде тұр», – деді ҰҒА академигі, тарихшы Хангелді Әбжанов.

Рухани байлық бастауы - ол әрине кітап. Бүгінде қаладағы балалар кітапханаларына 3 жастан асқан балалар келіп, рухани азықпен сусындайды екен.

«Қазақ ертегілерінен бастаймыз. Алпамыс батыр, Қамбар батыр, сол сияқты Ертөстік. Ертегілермен бастап, жайлап балалар кітап оқуға үйренген кезде қазақ ардақтылдарын, Алаш азаматтарын, небір керемет тұлғаларды, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, сол сияқты Мәшһүр Жүсіп аталарымызды естеріне бір салып өтсек, қазақтан шыққан ұлы тұлғаларды балалардың санасына сірңіртуге тырысамыз», – деді Крылов атындағы қалалық балаларкітапханасының меңгерушісі Дәрухан Қаржаубаев.

Жас жазушылар да елімізде Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту бастамасын қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе тарихқа тағзым күнін жастардың санасына сіңірудің маңызы зор екенін айтады.

«Тарихқа тағзым күні - бұл ата-балалардың әруағына бас ию, төл тарихымызды құрметтеу, өткеннің қателігінен сабақ алу, келешекке жарқын көқараспен қарау», – деді балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай.

Тарихтқа тағзым ету арқылы біз тарихымызды бағалай аламыз, ұрпақтан ұрпаққа жалғай аламыз, тарихтан сабақ аламыз. Тарих осысымен құдіретті.

Сая Меңдеке, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир