Қарағанды шахтасында қаза тапқан кеншілерге ескерткіш тақта орнатылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Үш метрлік құрылымда бақилық болған 46 азаматтың есімі ойып жазылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды шахтасында осыдан 10 ай бұрын қаза тапқан кеншілерге бүгін ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қара гранит тас жұмысшылардың кенжарға кетіп бара жатқанын бейнелейді. Үш метрлік құрылымда бақилық болған 46 азаматтың есімі ойып жазылған. Айналасы абаттандырылып, жарығы қойылған аумаққа 46 тал егілген.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандының орталық саябағында да Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерге арналған көпшілік көптен күткен, қоғам талқысына түскен тағы бір ескерткіш орнатылған. Оны мүсіншілер Игорь Баграмов пен Тарас Кишкарев жасаған. Биіктігі үш метрден асатын бұл ескерткіш те еңбек жолында опат болған азаматтардың ерлігін дәріптейді.

– Бұл – қаза тапқан кеншілерге арнап жасаған үшінші туындым. 2008 және 2022 жылдары Абай шахтасында қайғылы жағдай болды.  46 кеншінің қазасы жанға жара салды. Барлық қарағандылық үшін өте ауыр қаза. Ескерткіш тақтадан шахтаға бара жатқан кеншіні аңғарасыз. Жұмыс барысында марқұм кеншілердің туыстарымен де ақылдасқанымызды айта кетейін, – деді мүсінші Игорь Баграмов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да тасқын кезінде зақымданған 225 үй қашан қолданысқа беріледі

Новости партнеров