|
13.02.2024 | 20:35
1987

Жүргізушілер шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды сұрайды

Олар көліктің шыққан жылына қарай жарна төлеуі керек

Жүргізушілер шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды сұрайды Almaty.tv

Шетелден көлік әкелгендер заңдастыру уақытын тағы да ұзартып беруді сұрап отыр. Бүгін осындай талаппен Алматыда бір топ жүргізуші AMANAT партиясы ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін машинасын тіркеп үлгермегендер қалада еркін жүріп-тұрудан қалғанын айтты. Кешіккендер енді көліктерін тіркеуге қоюға өтініш білдірсе, утильалым мен көліктің шыққан жылына қарай жарна төлеуі керек.

– Lanos машинасына 22 млн теңге сұрады. Қанша өмірім қалғанын білмеймін, оны алсам бала-шағам несие төлейді. Қолжетімді көлік алдым, кешігіп келді, – деді қала тұрғыны Төрехан Әжікеев.

– Утильалым мен төлейтін жарнаның көлемін азайтуды талап етіп отырмыз. Шетелдік көліктерді тіркеу уақытында тапсырыс берген машина кеденде тұрған. Тіркеу аяқталды. Қыруар ақшаға алған көлікті заңдастыра алмай отырмыз, – деді қала тұрғыны Асқар Берсалимов.

Министрлік утильалым мен алғашқы жарна құнының қымбаттауын көлік нарығын жаңарту мақсатында қабылданған шешім екенін айтты. Сондай-ақ ескі машиналардың тиісінше ауаны ластау мен адам өміріне кері әсер ету себептері де ескерілген.

Айта кетейік, темір тұлпар 2 жыл бұрын шықса утильалым құны 923 теңге. Ал 2 жылдан 3 жылға дейін 184 мың 600, одан жоғары болса 1 млн 800 мың теңге төленуі керек. Министрлік оның бағасын арзандату туралы ұсыныс қайта қаралмайтынын кесіп айтты.

– Негізінде утильалымы экологиялық сұрақтарды шешуге арналған жобаларды іске асыру, іштегі өндірушілерді қорғау мақсатында жасалған. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, утильалым құны 2 есе төмендетілді. Оны төмендетуді қайта қарастыруды орынсыз деп есептейміз, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің бас сарапшысы Төреәділ Абдрахманов.

Оқи отырыңыз: Автобус апаты: үш адам ауруханаға жатқызылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир