Алматыда коронавируспен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу үшін қазынадан 1 млрд. 134 млн 800 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv.
. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазір үстемақыны жұмысшылардың басым көпшілігі алған. Сын сағатта талмай еңбек етіп жатқан дәрігерлер Үкімет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын айтуда.
БЛИЦ:
Салтанат БАЙМАНАПОВА, қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің аға мейірбикесі:
– Медицина қызметкерлеріне берген үстемақы үшін алғыс айтамын. Медицина қызметкерлерін осындай қиын кезде қолдап жатқандарыңызға рахмет!
Тұңғыш КЕСЕБАЕВ, қалалық «Фтизиопульмонология орталығының» дәрігері:
– Осы жұмыс барысында айлығымызды алдық, сонымен қатар дәргерлерді қолдау ретінде бөлген Президентіміздің, Үкіметіміздің, Денсаулық сақтау министрлігінің үстемақысын алдық. Орта буын, кіші буын медициналық қызметкерлердің барлығы осы үстемақыны алды. Алғысымызды білдіреміз!
– Нөмірі 1 клиникалық ауруханасы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы қиын кезде біздің еңбегімізді бағалап үстемақы тағайындағаны үшін үлкен рахмет!