Бутаковка шатқалындағы ағаштарды заңсыз кесіп жатыр

Ондағы шыршалар 50 жыл бұрын егілсе керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде қоғам белсенділері осылай деп шу шығарды. Олардың айтуынша, табиғаттың көркін келтіріп тұрған жасыл желек ешқандай себепсіз оталып жатқан көрінеді. Тіпті, ғасырға жуық кесілген ағаштардың орнына әлде кім өз кәсібін ашады ма деп қорқады. Ағаштарға алаңдап жүрген қоғам белсендісі Салатанат Ташимова осы мәселенің ақ қарасын анықтау үшін тиісті органдарға сұрау жолдаған. Алайда, олардың жауабына сенбейтіндігін айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.        

«Мен «орман қорғау» өкілдерінен ондағы проблеманың мән-жайын сұрадым. Ондағылардың жауабы Бутаковкадағы шыршалар Еуропалық және 50 жыл бұрын егілген. Жиі болатын қатты желдің салдарынан топырақ босап, ағаштардың тамыры опырылғалы жатыр дейді. Біз оған сенбейміз. Біздің ойымызша ол ағаштар басқа мақсатта оталып жатыр», - деді қоғам белсендісі Салтанат ТАШИМОВА.

Ал, Іле-Алатау ұлттық сабағындағылардың өз шындықтары бар. Олар аталған жердегі шыршалар қураған және ағаштардың біразы ауру дейді.  Сондықтан, кезекті тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.    

«Бұл қауіпсіздік үшін жасалып жатқан шара. Біз өзге сау ағаштарды аман алып қалу үшін осындай кесу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ, қураған ағаштар өрт қауіпсіздігін тудыруы мүмкін», - деді Іле-Алатау ұлттық паркінің инспекторы Роман АБУЕВ.

Новости партнеров