1 маусымнан бастап Алматыда қоғамдық көліктер 100 пайыз қатынайтын болады

almaty.tv
almaty.tv
1 мың 560 қоғамдық көлік толық құрамда жолға шықпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 маусымнан бастап Алматыда қоғамдық көліктер 100 пайыз қатынайтын болады. Қазір 1 мың 400 автобус жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жүрсе, дүйсенбіден бастап 1 мың 560 қоғамдық көлік толық құрамда жолға шықпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, сәйкесінше қоғамдық көліктердегі бетперде тағу режимін қадағалау да қатаң жүргізіледі. Бұл мақсатта қалалық Мобилділік басқармасы Полиция департаментімен және көлік холдингімен бірлесе, жолаушылардың карантин нормаларын қатаң сақтауын мұқият бақыламақ. Мұндай шара карантин аяқталғанға дейін жүргізілмек.

«Аптасына 2-3 рет «Оңай» кондукторлары бар, Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге  шығып, ескерту жүргіземіз. Біздің адамдар автобуста хабарлама жасаған кезде,  жолаушылардың 99 пайызында бетперде қалтасында не сөмкесінде болады. Біз ескерту жасағаннан кейін ғана тағып алады», – деді қалалық Мобилділік басқармасының бөлім басшысы Әсет ТӨЛЕУІШЕВ.

Новости партнеров