|
22.05.2020 | 21:49
6669

«BizBirgemiz»: Алматыда әлеуметтік аз қамтылған 1700 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Демеушінің қаржысына алынған 51 тонна тауарды «NurOtan» партиясы «JasOtan» жастар қанатының еріктілері әрбір отбасының үйіне дейін жеткізіп берді

«BizBirgemiz»: Алматыда әлеуметтік аз қамтылған 1700 отбасыға азық-түлік себеті таратылды almaty.tv

Алматыдағы әлеуметтік аз қамтылған 1700 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық шара «BizBirgemiz» жалпыұлттық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Демеушінің қаржысына алынған 51 тонна тауарды «NurOtan» партиясы «JasOtan»  жастар қанатының еріктілері әрбір отбасының үйіне дейін жеткізіп берді.

«Қазақстан азаматы ретінде мен әрдайым көмектесуге, Елбасымыздың  саясатының арқасында халқымыздың жағдайын түзетуге біз әрдайым дайынбыз. Мұндай нәрсені жеңеміз. Осылай біріккен кезімізде бір атаның, бір ананың баласы болған кезімізде мұндай қиын жұмыстарды жеңеміз», – деді демеуші  Абдухалил ДОЛКУНТАЙ.    

Жалпы соммасы 15 миллион теңгеден астам азық-түлік себеттері Алматыдағы көпбалалы, мүгедек адамды асырап отырған, жалғыз басты зейнеткер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді. Негізінен бүгінгі көмек бұған дейін осы акция аясында ала алмағандарға үлестірілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир