Алматы облысында 150-ге жуық отбасына азық-түлік таратылды
Балалар күніне орай Алматы облысында 150-ге жуық отбасына ерекше сыйлықтар мен азық-түлік таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мереке аясында Қарасай ауданының сот орындаушылары көпбалалы жанұялар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қызықты ойындар өткізді. Шақырылған әртістер сахнада «Алдар көсе» ертегісі бойынша қойылым көрсетіп, көрерменді таңқалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрініс балаларды адамгершілікке, адалдық пен отансүйгіштікке үйретеді.
– Мерекеге ерекше қажеттілігі бар және көпбалалы отбасынан шыққан балалар шақырылды. Іс-шараға 116 отбасы қатысуда. Әр балаға бөлек сыйлық, ата-аналарына азық-түлік берілді және мереке барысында концерт ұйымдастырылды, – деді Алматы облысы Жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Нұрдидар Темірхан.
– Алты балалы анамын, жақсы көмек беріп жатыр. Азық-түлік алдық. Балаларым қуанып жатыр, Алла разы болсын! – деді көпбалалы ана Жамиля Қасымова.
Оқи отырыңыз: «Алматы» телеарнасы балаларға мерекелік сыйлық жасады