Қасиетті Рамазан айының басталуымен мұсылман қауымды кімдер құттықтады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Олар биылғы оразаның төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгенін айтып, ұлық мейрамның маңызын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасиетті Рамазан айының басталуымен мұсылман қауымын ел президентінен бастап, қоғам қайраткерлері мен белгілі спорт шеберлері құттықтады. Олар биылғы оразаның төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгенін айтып, ұлық мейрамның маңызын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын рамазан айының басталуымен  құттықтай келе, биылғы қасиетті айдың еліміздегі төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Сондықтан індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырды. Ал, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта өзінің жүрек жарды тілегін арнап, бұл ай - намазға жығылып, рухани тазаратын уақыт екенін айтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы осы айда жаратқаннан жұқпалы індеттің тоқтауын сұрап, барша мұсылмандарды ақ жарма лебізін жеткізді.

«Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін», – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ

Сонымен қатар, белгілі тұлғаларда оразаның алғашқы күнімен құттықтап, халқымыздың амандығын, мемлекетіміздің бүтіндігін, ел мен жердің байқуатты тілеп жатыр.  

«Сіздерді қасиетті Рамазхан айымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ораза айында тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ.

«Құрметті отандастар, қадірлі бауырлар! Міне, қасииетті Рамазан айына да келіп жеттік. Қасиетті айда үйде отырып та көптеген ғибадат, құлшылығымызды, қайырлы, ізгі амалдарымызды жүзеге асыруға мүмкіндігіміз көп», – деді Нұр-мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ.

«Жаздың аптап ыстығында ораза ұстайтын уақыт енді 2047 жылы ғана келеді. Ал  2031 жылы Рамазан айы желтоқсанда өтеді екен. Биыл қасиетті Қадір түні 19 мамырдан 20 мамырға қараған түнге сәйкес келіп отыр. Ал, ораза айттың алғашқы күні  24 мамыр күні тойланады», – деді Бокстан олимпиада чемпионы Ермахан ЫБРАЙЫМОВ.

Қуан Нұрақын, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров