Қоқыстан ауру тарайды: Алматы облысының тұрғындары шағымданды

Almaty.tv
Almaty.tv
Абай аулының тұрғындары қоқысты тазартпайтынына наразы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының тұрғындары балалар ауласы маңында шашылып жатқан қоқыстан ауру тарайтынын айтып шағымданды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.


Қолаңса иістен әбден мезі болған Абай ауылының тұрғындары мәселені айтып, жергілікті әкімдік табалдырығын тоздырған. Жиналға жұрт жағымсыз иіс былай тұрсын, көртышқан қаптағанын айтып, ақша төлеп отырса да тиісті медігер мекеме қоқысты тазартпайтынына наразы. Тіпті қоқыс тастайтын арнайы жәшіктерін де алып кетіпті.

«Қазір неше түрлі аурулар шығып жатыр. Тазалық болмағасын тұрғындар  түрлі дертке шалдығыуы мүмкін. Тиісті мекеме сөзімізге құлақ аспайды, естімегендей болады», – деді Абай ауылының тұрғыны Асқар Наурызбаев.

«Тоқсан екінші жылдан бері тұрамын. Содан бері жылда қайталанады, шаршадық.Бұрын өзіміз сыпыратынбыз», – деді Абай ауылының тұрғыны Мейіржан Опабеков.

Райымбек ауылдық округі коммуналдық шаруашылығы  мамандарының айтуынша,  қоқысты тазалауға техника жетіспейді. Десе де олар қоқыстың шашылып жатқанына тұрғындардың өздерін кінәлайды.

«Техниканың бәрі қазір көшеде жүр. Құлаған ағаштарды жинастыруда. Оның бәрі назарда. Тазартамыз, сабыр сақтасын», – деді Райымбек ауылдық округі әкімі аппараты бөлімінің бас маманы Нұрғали Бақторазов.

Ал халық енді қоқыс таситын басқа жекеменшік мекемеге жүгінуге мәжбүр.

Әлібек Шынтемір, Мейрам Исабеков, «Алматы»телеарнасы

Новости партнеров