|
26.08.2024 | 20:50
276

ASPAN FEST: Алматы облысындағы мега фестивалінде 300-ге жуық ән шырқалды

Ән кешінің жабылу салтанатына 20 мыңға жуық көрермен жиналды

ASPAN FEST: Алматы облысындағы мега фестивалінде 300-ге жуық ән шырқалды Almaty.tv

Алматы облысында ASPAN FEST мега фестивалінің жабылу салтанаты өтті. 3 маусымда бастау алған мәдени іс-шара Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын әр сенбі әуезді әуенмен қуантып отырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әр сенбі Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының музыкалық шоуын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестивальге келушілер үшін демеушілердің қолдауымен ұтыс ойындары да өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс әкімдігі қолдауымен тегін болды.

– Фестивалге 100-ге жуық эстрада жұлдыздары қатысыт. Ауданымыздағы өнерпаздарымыз сахнада өнер көрсетті. Фестиваль Алматы облысының тұрғындарына серпіліс сыйлау мақсатында демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған, – деді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

ASPAN FEST-тің сахнасында жаз бойы 100-ден астам өнер адамы 300-ге жуық ән шырқады. Олардың бірқатарына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

– Әншілер келді. Фестиваль жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қаланың әкімшілігіне, рақмет! – деді қала тұрғыны.

– Қазыбек Құрайыш пен Қайрат Нұртастың әнін тыңдауға келдік, – деді қала тұрғыны.

– Концертті көру үшін Алматы қаласынан келдік. Көңіл-күй өте керемет! – деді қала тұрғыны.

– Алматы облысының Мәдениет басқармасына ұсыныс жасадық. «Әнмен әлдилейік, халқымызға бір мереке сыйлайық» деген ниет барын айттық. Облыс әкімі қолдап, фестиваль ұйымдастырылды. Ризамын, Алла қаласа, келесі жазда да сағына кездесеміз деген ойдамын, – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев.

Айта кетейін, мега фестивальдің жабылу салтанатына 20 мыңға жуық көрермен жиналып, тұрғындар арасында 200 сыйлық ойнатылды.

Гүлмарал Изатқызы, Әмина Үсенова, Хангелді Ахметханов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир