Құс тұмауы: СҚО-да тағы 7 ауыл карантинге жабылды

Almaty.tv
Almaty.tv
164 мың құс қырылып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы әлі де өршуде. Салдарынан тағы 7 ауыл карантинге жабылды. Енді облыста жалпы блок-бекеттер қойылған елдімекендердің саны 18-ге жетті. Ресми мәліметтерге сәйкес, осы күні Қазақстанның солтүстігінде 164 мың құс қырылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нина Шабанова Якорь ауылының тұрғыны. Шағын шаруашылықпен айналысады. Сөзінше, құстарын витаминдермен емдемек болыпты, бірақ ол әрекеті ешқандай нәтиже бермеген. Құс тұмауына шалдыққан қаздар 10 сағаттың ішінде өліп қалады, дейді.

«Біз қазды өсірумен 5 жыл айналысамыз. 31 тамыздан бастап құс қырыла бастады. Бұрын шамамен 6 мың бас қаз болды, 5 мыңнан астамы өлді. Бастапқыда біз мәйіттерді өртеп жүрдік, кейін жаппай қырылып жатқасын үлгермей, өлген қаздарды көміп тастап отырдық», – деді шаруа қожалығының жетекшісі Нина Шабанова.

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай. Құстар міне үш апта болды бірінен соң бірі қырылып жатыр. Наталья Кичигинаның 76 қазы мен 105 тауығы қырылып қалған. Қазір ол сағат сайын өлі құстарын жинаумен әлек.

«Ешкім келмеді. Бәрімен өзім айналысып жатырмын. Құстарым қас қағым сәтте өліп жатыр. Әсіресе, үш-төрт айлық балапандар. Үлкендерін сойып үлгердім», – деді ауыл тұрғыны Наталья Кичигина.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 18 елдімекен эпидемияға байланысты карантинге жабылды. Жоғары потагенді құс тұмауының типі H5. Індет құстан адамға жұпайды деп сендіреді мамандар. Дегенмен сақтық шарасы артықтық етпейді.  

«Алғашқы 11 елдімекенге кіру және шығу жолында дизенфекциялық кедергілер орнатылды. Ветеринариялық мамандар буферлік аймақ құру үшін осы елді мекендердің айналасындағы құстардың барлық басын вакцинациялаумен айналысуда. Бүгінгі таңда 75 мыңнан астам құсқа егу жасалды. Республикадан бұл шараларға 873 мың доза вакцина бөлінді», – деді СҚО Ветеренария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Жалпы өңірдегі меншіктің барлық санаттарында 164 мың құс қырылды.  14 мың 384 дерек қосалқы шаруашылықтарда және 150 мыңға жуығы құс фабрикаларында  орын алған. Соңғы рет құс тұмауы Солтүстік Қазақстанда 2005 жылы тіркелген болатын.

Новости партнеров