Жаңа жыл түнінде Алматыда 25 cәби дүниеге келді

пресс-служба управления общественного здоровья
пресс-служба управления общественного здоровья
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаевпен бірге мегаполистің барлық перзентханаларын аралап шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаевпен бірге Жаңа жыл түнінде дүниеге келген сәбилерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан сыйлықтар табыс етілген мегаполистің барлық перзентханаларын аралап шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың алғашқы күні Алматыда 15 ұл және 10 қыз дүниеге келді.

Ең бірінші Дайыр атты ұл түнгі 00:05-те туды. Босану ешбір қиындықсыз өтті.

Ләззат Ақтаева ата-аналарды отбасының басты мерекесімен құттықтады.

«Дүниеге сәбидің келуі – әр отбасы үшін теңдессіз бақыт. Осынау көптен күткен оқиға үйлеріңізді жылу мен жарық нұрға бөлеп, ертеңге деген сенім сыйласын. Аналар мен жаңа туған сәбилеріне денсаулық, ал отағаларына төзім мен даналық  тілейміз! Ал дүниеге келген жас сәбилердің дені сау, болашақтары жарқын болсын», - деді ол.

Тұтас алғанда, 2019 жылы мегаполисте 45 мыңнан астам бала дүниеге келді, олардың ішінде 490-ы егіз, ал 11-і үшем.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі, соның аясында балалар барлық қажетті медициналық көмекті тегін алады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында дәрігерлер әуе апатынан зардап шеккендерді, оның ішінде балалардың да жағдайын біліп, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Бұдан бөлек, вице министр МӘМС аясында ақпараттандыру жүйесі қалай жүріп жатқанымен де танысты.

Новости партнеров