Елімізде әйелдер құқығын қорғайтын альянс құрылды

Елімізде әйелдер құқығын қорғайтын альянс құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұйым ресми түрде қызметін қыркүйек айынан бастаған. Әзірге жыл соңына дейін халық арасында әлеуметтік талдау жүргізіп, көпті алаңдатқан сұрақтарды іріктеп алмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кейін өзектілерін жинастырып, мәселені билік басындағыларға жеткізуге ниетті. Қазір альянс құрамында 20-дан астам республикалық әйелдер ұйымы бар. Кейін белсенді іскер келіншектерді қабылдау көзделіп отыр. Альянс әйел адамдардың билік басына келуі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тоқтату және жалғызбасты аналардың құқығын қорғаумен айналысады.

«Әйелдер мен аналарға қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін бірігіп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда халықтың 52 пайызы әйел адамдар. Олар жалпы ішкі өнімнің шамамен 40 пайызын қамтып отыр. Қыз-келіншектер қауымы халықтың репродуктивті дамуын, ұлттық әл-ауқатын дамытуға көмектеседі. Бақытты әйел деген бұл – бір бақытты отбасы, тіпті бақытты ел деген сөз. Әйелдер елімізде өздерін жақсы сезінуі керек», - деді Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан СӘРСЕМБАЕВА.

Новости партнеров