1 наурыздан бастап жүк көліктерінің 8 тоннадан артық жүк тасымалдауына шектеу қойылды

Aigak.kz
Aigak.kz
Ережені бұзған жеке тұлғаларға 40, ал заңды тұлғаларға 1000 АЕК дейін айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Яғни бұған дейін жүк көліктері әр дөңгелекке түсетін салмағы 10 тоннадан аспауы керек болса, биылдан бастап 8 тоннаға дейін қысқарды. Мұндай шаралар еліміздегі жол сапасын ұзақ уақытқа дейін сақталу мақсатында жүргізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Ережені бұзған қандай да бір фактор анықталса, жеке тұлғаларға 40, ал заңды тұлғаларға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл салынады. Айта кетейік, қарулы күштер, әскери құрал-жабдықтарды тасмалдайтын көліктерге мұндай шектеу қойылмайды.

«Соңғы уақытта Алматы облысы бойынша заңсыз жолаушылар тасмалдаушылар көптеп табылуда. Жыл басынан бері 47 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 8 млн 420 мың теңге айппұл салынды. Оның тек 345 мың 200 теңгесі төленді», - деді Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысы Болат НҰРАБАЕВ.

Новости партнеров