|
20.08.2019 | 20:53
3783

Алмалы ауданының әкімі Akimat LIVE бағдарламасында тұрғындардың сауалына жауап берді

22 тамыз күнгі кешкі 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының қонағы Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова

Бүгін Akimat LIVE бағдарламасына қонаққа Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев келді. Тұрғындар әкімге көшелердің қараңғылығын, жолдың нашарлығын, арықтардың бітеліп, үйлердің тозығы жеткендігін жайып салды. Аталған сауалдарға жауап берген әкім қазіргі таңда Алмалы ауданының 10 көшесіндегі арықтар жөнделіп жатқанын, оған бюджеттен 83 миллион теңге бөлінгенін айтты. Сондай-ақ көшелердің қараңғылығы мәселесі шешілгенін, бүгінде Алмалы ауданының 95%-ы жарықтандырылғанын айтты.

Ал, үйлердің сүрілуіне келсек, қазіргі таңда аудан бойынша  тозығы жеткен 142 үй бар екен, соның ішінде 12 үй сүріліп, жаңа ғимарат салынса керек. Ал қалғаны өз кезеңімен жүзеге асырылады деді әкім.

Айта кетейік, 22 тамыз, бейсенбі күні сағат кешкі 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының қонағы Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова болмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир