Қалалық төтенже жағдайлар қызметі тұрғындарға карантин кезінде негізгі талаптар мен ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлады Almaty.tv.
Осылай арнайы көлікпен шығып, көшелерді аралайды. Дыбыстық хабарландыру жасап, көпшілікті тәртіпке шақыруда. Шара барысында көліктің қызыл шамдарын жағып, қала ішінде дабыл қағады. Бұл ретте тұрғындарға үрейленудің қажеті жоқ. Бұл жай ғана қауіпсіздік шаралардың алдын-алу жұмысы ғана.
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, қаладағы тұрғындарға аса қажеттілік туындаған жайдайда ғана болмаса, үйден шықпауға кеңес берілді. Көшеге шыққанда әр қайсысының маскасы мен медициналық қолғаптарының болуы да жіті тексеріледі. Қызметкерлер мұндай түсіндіру жұмыстарын 24 сағат үздіксіз жүргізіп жатыр.
«Бұл азаматтық қорғау жүйесінде көпшілікті құлақтандыру әдісінің бір түрі. Түсіндіру жұмыстарын қалалық тәртіп сақшыларымен бірлесіп жүргізудеміз. Қаладағы барлық көше мен тұрғын үйлерді аралаймыз. Жауапкершілік пен тәртіп – қауіпсіздіктің басты шарты», – деді Қалалық ТЖД басқарма бастығы Айдос НҮСІПБАЕВ.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары карантин кезіндегі негізгі талаптар мен ережелерді орындамаған азамттарға қылмыстық жаза қолданылатынын ескертеді. Атап айтқанда, қоршау салынған қала аумағынан шығу, жалған ақпарат тарату және көпшілікті негізссіз дүрбелеңге салу. Ондай жағдайда 15 тәулікке қамаудан бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.