|
06.09.2024 | 21:03
81

Еліміздің жерасты байлығын АЭС арқылы дұрыс пайдалану қажеттігі айтылды

Соңғы уақытта атом энергиясын пайдалануды қолдаушылар қатары артып келеді

Еліміздің жерасты байлығын АЭС арқылы дұрыс пайдалану қажеттігі айтылды elements.envato.com

Экономиканың даму күші энергетикалық қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты. Бұл ретте Алматының қоғамдық кеңес мүшелері «экологияға зияны аз тұрақты қуат көзі – атом энергиясы» дейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Барыс Жапаровтың сөзінше, жерасты табиғи байлығын АЭС салу арқылы дұрыс пайдалану қажет.

«Қазақстанның өзі табиғи ресурстардың ішінде уран қоры бойынша бірінші орында тұр. Және оны өндіруде екінші орында тұр. Сондықтан сондай мүмкіндіктерді пайдаланып, еліміздің қажет қылып отырған энергиядағы талабын атом энергиясы арқылы қамтамасыз ету – алдымызда тұрған мақсат», - деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.

Бүгінде бұл тақырып қоғамда қызу талқыға түсті. Соңғы уақытта атом энергиясын пайдалануды қолдаушылар қатары артып келеді.

Қазақстан генералдар президиумы төрағасының айтуынша, сенімді энергия көзі саналатын атом электр стансасын салу ел болашағына оң әсер етеді.  

«Менің ойымша, атом электр станциясысының өте болашағы зор. Біреулер «апат бола қалса, зардап шегеміз» деп қорқып жатады. Бірақ мына көрші Қытайда қазіргі күні 18 АЭС бар. Ал бізде бірде-бір АЭС жоқ. Сондықтан оны салу қажет», - деді Қазақстан генералдар президиумының төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.

Оқи отырыңыз: Ядролық физика институтындағы реактор АЭС-тің прототипі сияқты – профессор


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир