|
09.01.2021 | 20:55
1547

Анасынан айырылған балалар көмекке мұқтаж

Жетімдерге қарайласып, қол ұшын созамын дегендер Әнел Тұңғышбаеваға қаражат аудара алады

Анасынан айырылған балалар көмекке мұқтаж Фото: Almaty.tv

4 күн бұрын анасынан айырылған 6 баланың тұрақты баспанасы жоқ. Қазір бесеуі үлкен әпкесінің жанында. Жеткіншектердің ендігі жағдайы не болмақ? Жетімдерге жебеу болам дегендер оларға қалай көмек көрсете алады? Балалардың жай-күйін Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай біліп қайтты.

Балалардың үлкені 24 жастағы Әнел Тұңғышбаева өзінен кейінгі 5 бауырын қамқорлығына алған. Келіншектің 3 жасар қызы бар, екіншісіне аяғы ауыр. Қазір жары және бауырларымен бірге бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр.

«Балалар далада қалмасын деп қасыма алдым. Бір бөлмелі пәтер болғандықтан бізге тарлық етеді. Енді балаларға жайлы пәтер болса деген ойым бар», – деді Әнел Тұңғышбаева.

Қазіргі таңда Әнел бауырларын заңды түрде өз қамқорлығына алу үшін құжат дайындап жүр. Балаларды ең кенжелері егіздер Әмір мен Әлем бар болғаны 3 жаста. Анасы тірі кезде балаларымен жалдамалы жер үйде тұрған.

Жетім қалған балалардың биологиялық әкесі Өзбекстан азаматы екен. Жеткіншектердің айтуынша ер адам ішімдікке құмар болған көрінеді.  

«Әкеміз үйге келіп тұратын. Бірақ көп арақ ішетін. Келген кезде анамызды ұратын», – деді Абылайхан Тұңғышбаев.

Балалардың туыстары қайғылы оқиғадан кейін де оларға көмектеспеген. Марқұмды жергілікті тұрғындар өзара ақша жинап жерлеген. Қайтыс болған анасы Қарлығаш Тұңғышбаеваның көршілері оны «жүзі жарқын, мейірімді жан еді» дейді.

«Ол балаларын өзі асырады. Ешкімнен көпбалалымын деп барып, көмек сұраған жоқ. Монша жағып, көмір сатып күнін көріп жүрді. Кейде бәліштер пісіріп, ақша табатын. Сондай көрегенді, ақкөңіл жан ретінде білеміз», – деді көршісі Анастасия Савостина

Бір күнде анасынан айырылған балалар халықтан көмек сұрайды. Жетімдерге қарайласып, қол ұшын созамын дегендер Әнел Тұңғышбаеваға қаражат аудара алады. Олар үшін кез-келген көмек маңызды болып тұр.

4400 4301 2201 6063  КАСПИ ГОЛД Әнел Тұңғышбаева

Сымбат Ноғай, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир