Жамбыл облысы әкімдігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды
Шенеунік қамқоршылық жасағаны үшін 350 мың теңге пара сұраған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздарды ыстық тағаммен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартына сәйкес жалпы қамқоршылық жасағаны үшін шенеунік жеке кәсіпкерден 350 мың теңге пара сұраған.
«Кінәсін толығымен мойындағандықтан күдікті қамауға алынбады. Тергеу әлі жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты ақтық шешімді сот қабылдайтын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37