Алатау ауданы әкімдігі кәсіпкерлермен бірігіп, 850 отбасыға азық-түлік табыстады

Almaty.tv
Almaty.tv
Әнші Мейрамбек Беспаев дүйім елді сабырлық танытып, қиын сәтте бір-бірімізді қолдауға үндеді.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданы әкімдігі кәсіпкерлермен бірігіп қайырымды іс жасады, деп хабарлады Almaty.tv.

Олар  аз қамтылған және жағдайы төмен 850 отбасыға азық-түлік табыстады. Ал еріктілер бірінші қажеттіліктегі тауарлар салынған қорапты үй-үйге апарып берді. Әр қорапта сұйық май, дәнді дақылдар, қант, шай секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, халықтың жай-күйімен танысуға өнер адамдары да келді. Атақты әнші Мейрамбек Беспаев дүйім елді сабырлық танытып, қиын сәтте бір-бірімізді қолдауға үндеді.

«Мен бүгін өз көзіммен көру үшін келдім. Риза болып отырған шаруа болып тұр. Өйткені осы жерде еліміздің көптеген кәсіпкерлер бірігіп, елімізге осындай қиын сәтте көмек беріп жатыр екен. Қандай жақсы сауапты іс. Осылай өз бірлігімізді көрсетсек, жоғарыда айтқан кеңестерге құлақ түрсек. Қиыншылықтан өтеміз деп ойлаймын. Саспаңыздар! Асықпаңыздар! Абдырамыңыздар! Үйлеріңізге жеткізетіндер жеткізеді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек БЕСПАЕВ

Әкелген сыйды жағдайы төмен отбасылар ерекше ықыласпен қарсы алды. Өйткені олар үшін бұл үлкен көмек. Кейбірі уақытша жұмыссыз қалып, жергілікті әкімдіктен көмек сұраған. Ал азық-түлік қорабын алғандар қатарында 8 баласы бар көпбалалы жанұялар бар. Қалған сияпатты еріктілер арнайы қорғаныс киімдерін киіп, үйлерге тасиды.

БЛИЦ:

– Мұқтаж болғаннан кейін хабарласқан болатынмын. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін, рақмет!  Міне, енді қажетті заттарымды алып отырмын.

– Менің 8 балам бар. Аллаға шүкір! Міне,  көмектесіп жатыр. Кәсіпкерлер мен үкіметке алғысым шексіз. Көп-көп рақмет!

Новости партнеров