Алматыда 400-ден астам жалғызбасты қария ыстық тамақпен қамтамасыз етілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Игі шараға "Жас Отан" жастар қанатының еріктілері жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет». Бүгін Алматыда 400-ден астам жалғызбасты қариялар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да карантин аяқталғанша жалғасын таппақ. Ел басына ауыр күн туғанда қарттарға көмек көрсетуге бұл жолы еріктілерден бөлек спортшылар да ат салысты.                                                                                                            

Алматыда төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайы төмен және ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға көмек көрсету науқаны жалғасуда. Жаңа індет әсіресе қарт адамдар үшін қатерлі болғандықтан, олардың мейлінше үйден сирек шыққаны абзал. Сондықтан қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы еріктілермен бірлесе отырып, жасы егде азаматтарға дайын ыстық тамақты үйлеріне апарып, осынау қиын-қыстау кезеңде қамқорлық жасауда.

Карантин уақытында қаладағы жалғызбасты қарт кісілердің күнделікті азық-түлікпен өздерін қамтамасыз етулерінен бөлек, үй жағдайында тағам дайындаулары қиынға соғуда. Осы орайда қала еріктілері «Біз біргеміз» акциясын жалғастырып, 400-ден астам қарт кісілерге үйлеріне тағам жеткізу арқылы көмек көрсетуде. Мұндағы ас мәзірге кампот, нан, бірінші тағамға сорпа, және тауық етінен жасалған тағамдар кіреді.

Ас мәзірі арнайы мамандардың көмегімен қарт кісілерге лайықталып жасалыпты. Тіпті, аптаның жеті күніде әр түрлі тағам дайындалмақ. Күнделікті бір уақытта қаланың барлық ауданындағы қарияларды толыққанды аспен қамтамасыз етуде спортшылар да шет қалмай, ерекше үлес қосуда. ММА спортының хас шебері Гаджи Гаджиев  қарияларға қамқорлық көрсетуді карантин біткенше мойнына алмақ.    

«Қазір елдегі қиын жағдай уақытында біз қарап отыра алмадық. Біздің мақсат – тек қана жастарды спортқа баулу емес, дәстүрді сақтай отырып, олардың патриоттық рухын да тәрбиелеу. Ал, ата салтымыздың бастысы  –  аға буынға құрмет пен қамқорлық көрсету. Осындай қысқа мерзімде мұқтаж қарттардың тізімін жасап, қолдан келгенше көмек көрсетудеміз. Тіпті, карантин созылатын  жағдайда да, қарт кісілерді толыққанды ыстық тағаммен қамтамасыз етуді қолға алдық», – деді Республикалық NOMAD  MMA федерациясының президенті Гаджи ГАДЖИЕВ.    

Ыстық тамақты үлестірген ұйымдастырушылар қариялардың алғысын алып, мұңдарын тыңдады. Енді күнделікті келуді әдетке айналдыратындарын да жеткізді.

БЛИЦ:

 – Берегите себя! Не могу к двери подойти даже, вот видите?

 –  Вот потому что, вы не можете подойди к двери, потому что вам сейчас тяжело. Поэтому было принято решение вот с сегодняшнего дня взять и помогать.

 –  Барлығына денсаулық  тілеймін. Бастарың аман болып, жолдарың ашық болсын. Ел-жұрт аман болғай. Әйтеуір барлығы да жақсы болады. Барлығына рақмет!

–  Спасибо вам всем! Я начала с 14 лет работать.  С 42-го года работала на заводе.  Работала 40 с лишним лет. У меня медалей очень много. Каждый год давали мне, 7 медали есть. Благодарила всех.

Игі шараға "Жас Отан" жастар қанатының 120-дан астам еріктісі жұмылдырылған. Қоғамның әлсіз бөлігіне әрдайым көмек қолын созатын белсенділер, қариялардың денсаулығы үшін алаңдау – қауіпті аурудың алдын алудағы алғашқы қадам дейді.

«Бұл акция бір күндік емес, карантин аяқталғанша күнделікті әр үйге біздің волонтерлар жеткізіп, қолма-қол беріп отыратын болады. Біздің тарапымыздан қазіргі таңдағы сол ардагерлерге көрсетіп жатырған көмегіміз. Енді ол кісілерге қазір қанша азық себетін берсек те, ол кісілерге тамақты дайындау қиындық тудырады. Мына пандемия кезінде, карантин кезінде ол кісілердің үйінен шықпай, аман сақтап қалу үшін біз осы республикалық акция аясында осы жобаны қолға алып отырмыз», – деді қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.

Бұған дейін «Біз біргеміз» акциясы аясында қаладағы 1000-нан астам тұрғындарға азық-түлік қоржыны, медициналық бетперделер, сондай-ақ антисептикалық заттар таратылған болатын. Алдағы уақытта қиын жағдайдағы тағы 6000 қалалықты қажетті заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осындай сын сағатта мұқтаж жандарға көмектесем деген жомарт жандар болса, «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының экранда көрсетілген банк шоттарына қаржы аударуларына болады. Сонда ғана  жұмыла көтерген жүк жеңіл болмақ.  

Аяулым Көлжігіт, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров