Жетісу облысының білім беру ұйымдарында жарты млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Тексеру нәтижесінде 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері өңірдің білім беру ұйымдарында 78,5 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтарды, сондай-ақ 416,8 млн теңге сомасына процедуралық заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы білім беру ұйымдарында қаржылық және қылмыстық құқықбұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі кеңесте айтылды.

«Жыл басынан бері 23 аудиторлық тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті ұйымдарға анықталған заңбұзушылықтарды түзету үшін 23 ұйғарым жіберілді. Бұл тексерулердің нәтижесінде (қалпына келтіру арқылы) шамамен 8,7 млн теңге және (өтем төлемі арқылы) 19 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды», - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа, тағы 6 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл деректер болашақта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында қаржылық тәртіпті бақылау жұмысын жалғастырудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Оқи отырыңыз: Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы: 1 млрд теңге жымқырылған

Новости партнеров