|
08.06.2022 | 21:08
6316

«Күйеуім мүгедек, балам күйіп қалды»: алматылық көпбалалы ана жомарт жандардан жәрдем сұрайды

Әйгерімнің бір өкпесі жұмыс істемей қалған

«Күйеуім мүгедек, балам күйіп қалды»:  алматылық көпбалалы ана жомарт жандардан жәрдем сұрайды Almaty.tv

«Тағдыр берген ауырлықтан емес, аурудан шаршадым». Тілшіміз тілдескен көпбалалы ана осылай дейді. О баста ел қатарлы өмір бастағанымен, күйеуінің мүгедектігі, өзінің ауыр халі әрі баланың күйігі қажытып жіберген кейіпкер жомарт жандардан жәрдем сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әйгерім мен Марғұлан 2008 жылы отбасын құрған. Тәтті шақтың дәмі тез кетіп, қызығы қиындыққа ауысатынын олар ол кезде әрине, білген жоқ. Әуелі, Әйгерімнің бір өкпесі жұмыс істемей қалады, кейін 2- өкпесінен 2 тесік табылады. Ем іздеп жүргенде күйеуі құлаған. Марғұланның диагнозы - ми-қан тамырларының аневризмасы. Ол 2016 жылдан бері 5 ота жасатып, мүгедектік статусын қиындықпен алды. Екеуі еміне дауа таппай жүргенде үйдегі бала қайнап тұрған суға күйіп қалған. Ота жасатуға тағы да қаражат тапшы.

«Баламды қарататын шынымды айтсам, қаражатым жетпейді. Аллаға шүкір, балаларыма ақша аламын, бірақ жалдап тұрып жатқан пәтерге 45 мың теңге төлеймін. Элекрт энергиясын қосқанда 50 мың болады», – деді көпбалалы ана Әйгерім Жұбаниязова.

Пәтер демекші, отбасының оңалмай тұрған хәлін көріп, көп адам үйін жалға беруден де қашатын көрінеді. «Қазіргі баспанама көңілім толады, тек ақша қысқанда қиналып кетемін» дейді батыр ана.

«Арманым жетеді. Үй алу, машина алу, жұмысқа тұру, бәрін армандаймын. Қызымды да ұяға қондырып, ұлымды да үйлендіріп, жақсылық көрсем деймін», – деді Әйгерімнің жұбайы Марғұлан Саурықов.

Отағасы әлі-ақ сауығып кететініне сенеді, жарын жақсы көреді, ертеңгі күнге үміт артады. Алды ес жиған 3 ұл, 2 қыздың қызығын көрсем дейді.  Ал күйеуін де, баланы да бағып отырған ананың өзі көптен көмек сұрауға мәжбүр. Жақсы өмірге тамшыдай үлес қосу –  көрерменнің еншісі.

Мадина Оқас, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир