Алматыда еріктілер бас қосып, атқарылатын жұмыстар жоспарын құрды

Алматыда еріктілер бас қосып, атқарылатын жұмыстар жоспарын құрды
Алматы қаласының еріктілері 3 бағыт бойынша іс-шара өткізбек екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Алматыда еріктілер бас қосып, волонтер жылында атқарылатын жұмыстарды жіпке тізді. Кездесуге Қазақстан халқы ассамблея мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің, «Жас отан» жастар қанатының және Еріктілер лигасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бас қосуға келгендердің сөзінше, «Волонтер жылында» жүзеге асырылатын жобалар көп. Ерікті жастардың басын біріктіріп, біріге жұмыс істеу көзделген.

«Республика бойынша бүгін осы волонтерлық жобаларды таныстырдық. Меморандумға қол қойып, осы жыл аясында бірге жүзеге асыратын шаралардың жоспарын бекіттік. Нәтижелі жұмыс атқарамыз деген ойдамын», - деді қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.

Алматы қаласының еріктілері 3 бағыт бойынша іс-шара өткізбек екен. Алғашқысы, Ұлы жеңістің 75 жылдығы аясында қаладағы ардагерлерге қолғабыс болу. Екіншісі – көп балалы отбасыларға көмектесу. Соңғысы, экология бағытына арналмақ. Онда арнайы жасақ құрылып, олар экологиялық мәдениетті арттыруға септеспек.  Бүгінгі шарада түрлі ұйым мен қоғамдық бірлестіктер өзара мемарандумға қол қойды. Енді «Жастар жыл» бойы осы келісім аясында аталған бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Айта кетейін, ашық есік күні «Еріктілер жылы» және «Қазақстан халқы ассамблеясының» 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған.  

Новости партнеров