|
17.01.2020 | 21:38
3890

Алматыда ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар коньки тебуді үйренді

SOS «Балалар ауылы» 1997 жылдан бері жұмыс істейді

Алматыда ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар коньки тебуді үйренді

Медеу ауданы әкімдігі мұрындық болған шараға SOS «Балалар ауылының» 32 тәрбиеленушісі қатысып, жаттықтырушылардың көмегімен сырғанауды меңгерді. Айта кету керек, тегін коньки тебуді үйрету бизнесті қолдау аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бүгін біздің қайырымдылық шарамыз жалғасын тауып, балалар үйінің тәрбиеленушілерін коньки тебуге үйретудеміз. Балаларды арнайы 15 нұсқаушылардың көмегімен жаттықтырып жатырмыз. Оларға сыйлықтар да берілді. Қазіргі уақытқа дейін 80-ге жуық баланы сырғанауға үйретіп, арасында ыстық тамақ тараттық. Бұл бастама көктемге дейін жалғасады.  таппақ. Басты мақсатымыз – балаларды салауатты өмір салтына үйретіп, аз да болса мейірімділік сыйлау», - деді ұйымдастырушы Ришат ТАИПОВ.

Айта кетелік, SOS «Балалар ауылы» 1997 жылдан бері жұмыс істейтін 15-ке жуық үйлерден құралған мемлекеттік емес мекеме болып табылады. Мұнда бақытсыздыққа ұшыраған жеткіншектер мен жетімдерге отбасылық тəрбие мен білім беріліп, қамқорлық көрсетіледі, әрі құқықтары қорғалады. Бұл жолы да аталмыш мекеме балалардың уақытын тиімді пайдалануына септесті.

«Балаларымыз сондай қуанып жатыр. Өйткені олардың көбісі конькиді өмірінде бірінші рет теуіп жатыр. Сондықтан да өте қуанышты. Бүкіл біздің ұжымның атынан рахмет айтамыз», - деді қалалық SOS «Балалар ауылының» өкілі Әлия ЖҰМАБАЕВА.

"Маған сырғанақ ұнап жатыр. Мен мұнда өмірімде алғаш рет келіп тұрмын. Өте қызық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын. Осындай іс-шаралар көп болсын дейміз», - деді Майра ЕРҒАЛИ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир